СҚО-да кеншілер аштық жариялады

2 Қыркүйек 2021, 22:35
1717
Бөлісу:
СҚО-да кеншілер аштық жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Обухов» кен байыту комбинатының жұмысшылары Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық мәселесіне билік пен жұртшылық назарын аударту үшін 30 тамыздан бастап аштық жариялады.

Жағдай пайдалы қазбаға бай кен орнын шетелге сату мақсатын көздеген кәсіпорынды рейдерлік басып алу кезінде ушығып кетті.

«Обухов» кен байыту комбинатының 400 қызметкері мен мердігері жұмыссыз қалып, соңғы екі айда жалақыларын ала алмай отыр. Бұл жағдайдың басты себебі – кен орнында өндіріліп, жөнелтілген барлық өнімдердің негізсіз тәркіленуі, кәсіпорындағы электр қуатының үзілуі. Бүгінде аталған себептерге байланысты өндіріс жұмысы тоқтап тұр.

СҚО-дағы «Обухов» кен байыту комбинатының ереуілге шыққан қызметкерлерінің аштық жариялағанына төрт күн болса да, олар Солтүстік Қазақстан облысындағы сыбайлас жемқорлық мәселесіне назар аударылмайынша аштықты жалғастыруға дайын.

Аштық жариялаушылардың әрекеттерін тікелей эфирден көруге болады. Қазіргі уақытта аштық жариялаған қызметкерлер – үшеу. Олар: кадр бөлімінің қызметкері, қауіпсіздік қызметінің маманы және жүргізуші. Жақын арада олардың саны артуы мүмкін.

Ұжым бұған дейін, 21 тамыз күні Нұр-Сұлтан қаласында СҚО-да болып жатқан сыбайлас жемқорлық пен заңсыздыққа қарсы бейбіт жиын өткізуді жоспарлаған еді. Бірақ елордаға аталған 500 қатысушының 20-сы ғана барған. Ал қалғандарын құқық қорғау органдарының қызметкерлері жиынға дейін ұстап алған.

Жұмысшылардың айтуынша, жергілікті билік пен құқық қорғау органдары кәсіпорын қызметкерлерінің үйлеріне барып, күш қолданған.

Олар бізді ешқайда бармаңдар деп қорқытады. Кеше ғана, түнгі уақытта олар маған 4 рет келді. Бұл – Көкшетау қаласындағы автоқалашық. Ауылдар қоршауға алынды. Олар түнде келіп, өздерін учаскелік полиция қызметкері ретінде таныстырды, күндіз де келді. Департаменттен хабарласты. Обуховка, Тайынша, Келлеровка мен Горькоға бөгеттер қойды, - дейді зауыт қызметкері.

«Обухов» кен байыту комбинатының қызметкерлері бұған дейін түрлі мемлекеттік мекемелерге жүздеген хат жолдап, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа тиісті үндеу жазып, осы жағдайға араласуларын өтінген.

Алайда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «жұмыс жоспарын орындамады, салық төлемеді» деген тексерілмеген және расталмаған мәліметтерге сүйене отырып,  «Обухов» кен байыту орнында титан кенін өндірумен айналысатын «Тиолайн» ЖШС-нің жер қойнауын пайдалану келісімшартын бұзды.

Қазіргі уақытта кәсіпорынның болашағы беймәлім. Бүгінде кен байыту орнының 400-ден астам қызметкері мен олардың отбасылары жұмыссыз қалып, жалақысыз қалып отыр.

Бұған дейін хабарланғандай, кәсіпорынның құрылтайшысы Виктор Долгалевтің айтуынша, серіктестері – ресейлік «ПромАрсенал» ЖШҚ компаниясы 10 жылдан астам уақыт бойы осы салада жұмыс істейтін өздерінің бірлескен серіктестігі - «Tioline» ЖШС-ын толық бақылауға алуға тырысып келеді.

Дмитрий Пяткин, Александр Фрайман есімді ресейлік олигархтардың мақсаты – (ашық мәліметтер бойынша, жинағы 10 000 рубль ғана болатын және тек бір штаттық қызметкері бар «ПромАрсенал» кәсіпорнының құрылтайшылары) пайданы бақылаусыз алу және активтерді ресейлік «Башқұрт сода компаниясына» сату.

Шындығында, аты аталған азаматтар бұған дейін осы компанияның акционерлері болған. Тек Ресей президенті Владимир Путин акционерлерді (Д.Пяткин мен т.б.) салық төлемеді, қаражатты офшорлық аймақтарға шығарды деп айыптап, күштеп жұмысын шектеп тастады.  Сондай-ақ Ресей Федерациясының аумағындағы «Башқұрт Сода компаниясының» жарғылық капиталындағы үлесін азайтты, мемлеекеттің үлесі 62 %-дан 38 %-ға дейін кеміген.

Тура осындай жағдай Қазақстанда осы азаматтардың («ПромАрсенал» ЖШС мен басқа да ЖШС қатысушылары) қатысуымен орын алып отыр. Олар Виктор Долгалевты кәсіпкерліктен сырттай ысырып, ЖШС-ның жарғылық капиталын ұлғайту арқылы оның 20 %-дық үлесін 0,049%-ға дейінгі кемітті.

Алайда кәсіпкер бірнеше жылдан соң сот арқылы өз құқығын қалпына келтіріп, іс жүзінде ресейлік басшылардың тікелей қатысуымен бұзылған кәсіпорындармен жұмысқа қатысты мәселелерін реттеп алды.

Қазіргі уақытта кәсіпорынның болашағы беймәлім. Бүгінде кен байыту орнының 400-ден астам қызметкері мен олардың отбасылары жұмыссыз қалып, жалақысыз қалып отыр.

Өзгелердің жаңалығы