СҚО-да бойжеткен қыздың мүрдесі табылды

4 Тамыз 2021, 22:48
3161
Бөлісу:
СҚО-да бойжеткен қыздың мүрдесі табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында сәуір айында жоғалған 22 жастағы бойжеткен өлі табылды деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 тамыз күні сағат 19.00 шамасында «102» пультіне өлген әйел адамның денесі табылғандығы жөнінде хабарлама түседі. Мүрде Петропавлдағы «Речпорт» ауданында орналасқан тазарту құрылыстарынан табылған.

Оқиға орнына бірден жедел-тергеу қызметі шығып, тиісті шараларды атқарды. Табылған мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Оның қорытындысы бір айдан кейін белгілі болмақ.
Алдын ала болжам бойынша, бұл - сәуір айында жоғалған бойжеткеннің мәйіті. Бұл дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Тергеу жүргізіліп жатыр.



Өзгелердің жаңалығы