СҚО-да биыл 23 көпқабатты үй салынады

24 Ақпан 2021, 09:30
2345
Бөлісу:
СҚО-да биыл 23 көпқабатты үй салынады

Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл облыс бойынша 3,5 мың пәтер пайдалануға беріледі. Жалпы, өңірде 340 мың шаршы метр баспана тұрғызу көзделген.

Соңғы жылдардағы құылыс барысына талдау жасадық. Соңғы 5 жылда өсу динамикасы байқалады. 2015 жылы 140 мың шаршы метр пайдалануға берілсе, былтыр 306 мың шаршы метрі салынып, ел игілігіне берілді. Яғни, 12 мың солтүстікқазақстандық қоныс тойын тойлады, - деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов. 

Және бір айта кетерлігі соңғы 2-3 жыл көлемінде тек облыс орталығында ғана емес аудандардағы ірі елдімекендерде де көпқабатты үйлер салынуда. 3 жылда ауылдарда 609 үй салынған, биыл да бұл үрдіс жалғасын таппақ. Осыған байланысты Петропавлда пәтер бағасын тұрақтандыру да басты назарда болмақ. 

Қаладағы құрылыс негізі ескі үйлерді сыру арқылы, орнына жаңа, көпөабатты ғимараттар салу арқылы жүргізіліп жатыр. Сондықтан арада алып-сатарлар көбейді деген қаңқу әңгіме бар. Мыслаға өткен жылы облыста баспана сатыпалу бойынша 11797 келісімшарт жасасқан. Соның тек 285-і, яғни, 2,4 пайызы ғана. Бұған қоса, енді ескі үйі сырылғандарға пәтерді сол жерде жаңаданс алынған үйден беру мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Жалпы, пәтер бағасы өспес үшін, құрылыс қарқынды болу керек,- деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов. 

Биыл Петропавл қаласында 700 ескі үйді сыру жоспарланған. Орта есеппен алғанда 30 үйдің орнында 300 пәтер пайда болады. Қазір негізінен «Жас өркен», «Береке» ықшам аудандары мен Уәлиханов көшесінің бойында құрылыс жүріп жатыр. Жуық арада «Копай» мен «Набережный» мөлтек аудандарында жаңа үйлер тұрғызу жоспарланған.  
 

Өзгелердің жаңалығы