Бас жаңалықтар
СҚО-да бидайды қайта өңдейтін зауыт іске қосылады
29 Наурыз 2019, 09:37 290

СҚО-да бидайды қайта өңдейтін зауыт іске қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында осы жылы бидайды қайта өңдейтін зауыт іске қосылады. Бұл жөнінде LS порталы хабарлады. 

Облыстық индустриалдық-инновациялық даму басқармасында хабарлағандай, жобаны Kazmeal жүзеге асыруда. Panasia Impex PTE. Ltd. сингапурлық компаниясы шетелдік серіктес болып табылады. 

"Зауытты іске қосу 2019 жылдың І жартыжылдығының соңына дейін жоспарланып отыр. Кәсіпорын жылына 360 мың тонна өнім көлемінде құрама жемдерге арналған рапс күнжарасы (15%) мен 4-сұрыпты бидайды (85%) қайта өңдеу жоспарлануда", - деді ведомствода. 

Дайын өнім толық көлемде Қытайға экспортталады. 80-ге жуық адам жұмыспен қамтылады.
Загрузка...

Сізден жаңалық