СҚО-да 52 сүт фермасы ашылады – Тасмағанбетов

24 Қыркүйек 2021, 13:07
1410
Бөлісу:
СҚО-да 52 сүт фермасы ашылады – Тасмағанбетов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен көшпелі брифингте айтты.

Бүгінде облыс елді астықтың төрттен бірімен, майлы-дақылдардың үштен бірімен, 11 пайыз жұмыртқамен, 5 пайыз етпен қамтамасыз етіп отыр. Әлеует әлі де бар. Облыста сүт-тауарлы кешені жұмысы жолға қойылған. Облыста 100-ден астам шаруашылық сүт өндірумен айналысады. Оның ішінде 21-і қазіргі заманға сай кешен. Соның 12-сі соңғы үш жылда салынды, - деді ол.

Тасмағанбетовтың айтуынша, оған СҚО-ның кешенді дамыту жоспары да әзер етіп отыр.

Біз жоғары технологиялы цифрлық сүт фермаларына басымдық бердік. Жылдың соңына дейін тағы 52 сүт фермасы салынады. Біз сүт өндіру қуаттылығын 1000 тоннаға жеткізуді жоспарлап отырмыз, - деді ол.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары айтқандай, пандемияға қарамастан мал импорты тоқтамаған.

Жыл басынан бері 3 мыңнан астам мал басын кіргіздік. Олар жоғары генетикалық әлеуетке ие және біздің өнімділікке сай келеді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы