СҚО ауруханасына цифрлы ангиограф орнатылды

19 Қаңтар 2021, 01:24
1288
Бөлісу:
СҚО ауруханасына цифрлы ангиограф орнатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл жайында әлеуметтiк желiдегi парақшасында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов жазды.

Бүгiн облыстық ауруханада жаңа цифрлық ангиограф iске қосылды. Заманауи қондырғыда инсульт пен инфаркт кезiнде күрделi оталар жасалады. Өткен жылы дәл осындай ангиограф кардиоорталықта орнатылды. 1200-ден астам ота жасалып, жүздеген солтүстiкқазақстандықтардың өмiрi сақталды. Сондай-ақ миға операциялар жасалына басталды, – деп жазды облыс әкiмi.

Қазiр облыста үш ангиограф бар. Ал төртiншiсi салынып жатқан жаңа көпсалалы ауруханаға орнатылмақ. Осылайша өңiрдегі ауруханалар аталмыш құрылғымен толық қамтамасыз етіледі, өйткенi әлемдiк стандартқа сәйкес 150 мың адамға 1 ангиографтан келедi.

Аймақ басшысының мәліметінше, өткен жылы ауруханалардағы қондырғыларды жаңартуға 12 млрд теңге бөлiнген. Ауруханалар МРТ, КТ, УЗИ, рентген, ангиограф және басқа да маңызды жабдықтармен толықты. Тиiсiнше, медициналық көрсеткiштер жақсара түстi. Мысалы, онкология бойынша өлiм деңгейi 13%, инфаркт бойынша 10% төмендедi. Туберкулезбен ауырғандардың саны 36%-ға азайды. Бұған дәрiгерлердiң кәсiби жұмысы мен заманауи аппараттардың арқасында қол жеткiзiлгендігін жазған облыс әкімі.


Өзгелердің жаңалығы