Скляр Сеулде жүр
22 Қазан 2021, 19:51 8673

Скляр Сеулде жүр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр бастаған қазақстандық делегация кореялық ірі компаниялардың басшыларымен келіссөздер жүргізу үшін жұмыс сапарымен Сеулге барды. 

Бұл сапар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы тамызда Корея Республикасына мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру аясында болды. 

Корея Республикасының сауда, индустрия және энергетика министрі Сунг Вук Мунмен, Samsung Electronics, KIA Motors, Youngsan, LS Mtron, Doosan Heavy Industries & Construction, Simpac, Celltrion және Seegene Medical Foundation компанияларының басшыларымен келіссөздер жүргізілді. Нақты жобалар электронды және тау-кен өнеркәсібі, энергетика, медицина, автомобиль өндірісі, медициналық бұйымдар мен дәрі-дәрмектер салаларында талқыланды. 

Сонымен қатар сапар барысында Корея халықаралық сауда қауымдастығының атқарушы вице-төрағасымен, Кореяның геологиялық зерттеулер мен минералды ресурстар институтының президентімен және Корея денсаулық сақтау саласын дамыту институтының президентімен екіжақты кездесулер өтті. 

Кездесулер барысында тараптар энергетика, тау-кен металлургия кешені, медицина және денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға келісті. 

Сонымен қатар Корея денсаулық сақтау индустриясын дамыту институтының қолдауымен денсаулық сақтау мен фармацевтика өнеркәсібінде жұмыс істейтін 20 ірі корей компаниясының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. 

Бұған дейін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша кореялық инвесторлармен өзара әрекеттесу үшін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр бастаған арнайы жұмыс тобы құрылды.


Фото: дереккөз
Загрузка...