Бас жаңалықтар
Әскери қызметшілер «Бүкіләлемдік тазалық күні»  акциясына қатысты
19 Қыркүйек 2020, 14:28 143

Әскери қызметшілер «Бүкіләлемдік тазалық күні» акциясына қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенбілікке Ақмола гарнизонының әскери қызметшілері қатысып, 250 көшет отырғызды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Акцияға қатысушылар Нұр-Сұлтан – Қарағанды тас жолына іргелес жатқан орман алқабын тазалап, елорданың коммуналдық қызметтеріне қоқысты шығаруға көмектесті.

Президент өз Жолдауында Қазақстанның ұлттық парктері мен табиғи байлықтарын заңнамалық тұрғыда қорғау қажеттілігі туралы айтқан болатын. Бүгінде әскери қызметшілер көшеттер отырғызып, экологияны жақсартуға, табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға өз үлестерін қосты, - дейді ҚР ҚК Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының орынбасары полковник Самат Төлепбаев.
Мұндай іс-шаралар қоғамдағы экологиялық құндылықтарды нығайтуға ықпал етеді, сондықтанда әскери қызметшілер осындай шараларға тұрақты негізде қатысады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...