Бас жаңалықтар
Әскери-техникалық мектептің тәрбиеленушілері әскери бөлімді көрді
PHOTO
22 Қыркүйек 2020, 09:01 89

Әскери-техникалық мектептің тәрбиеленушілері әскери бөлімді көрді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігі Әскери-техникалық мектебінің Шымкент қаласындағы филиалының тәрбиеленушілері Қарулы күштердің әскери бөліміне барды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Олар мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің жұмыс күндері қалай өтіп жатқанын, олардың тұрмысы мен бос уақытын неден құрайтынын өз көздерімен көріп, әскери бөлімнің тарихымен, жеке құрамның жауынгерлік даярлықтағы жетістіктерімен танысты. 


Сондай-ақ қонақтарға қазақстандық әскери қызметшілердің қару-жарақ үлгілері мен заманауи киім-кешектерімен танысып, кейбірін киіп көре алды. 


Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебінде 24 жастан 27 жасқа дейінгі, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды немесе шектеулі жарамды, оның ішінде әскери қызметке шақырудан кейінге қалдырылған азаматтар ақылы негізде білім алатынын атап өту қажет. 


Әскери даярлық әскери оқытылған резерв бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады және мерзімді әскери қызмет өткеруге теңестіріледі. 40 күн ішінде тәрбиеленушілермен тактикалық, атыс, саптық және дене шынықтыру даярлығы бойынша сабақтар өткізіледі. Оқуды аяқтағаннан кейін тәрбиеленушілер ант қабылдап, оларға әскери билет беріледі және «қатардағы жауынгер» әскери атағы беріледі.



Фото: дереккөз
Загрузка...