Әскери ұшқыштар күрделі метеорологиялық жағдайда ұшуға жаттығып жатыр

22 Шілде 2019, 13:33
1348
Бөлісу:
Әскери ұшқыштар күрделі метеорологиялық жағдайда ұшуға жаттығып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдерінде жауынгерлік даярлық жоспары бойынша күрделі метеорологиялық жағдайларда және қолайсыз ауа райында күндіз және түнде оқу-жаттықтыру ұшулары өтуде.

Қорғаныс министрлігінен хабарлағандай, қолайсыз ауа райында жерге қона отырып, күрделі метеорологиялық жағдайларда күндіз және түнде аспаптар бойынша ұшуларды меңгеру майдандық авиация ұшу құрамының жауынгерлік даярлығының маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Ұшу құрамының теориялық сұрақтарды терең зерделеуі, ұшақ кабинасында және тренаждық аппаратурада тренаждарды сапалы өткізу, аспаптар бойынша әдіснамалық тұрғыдан дұрыс оқыту, сондай-ақ шынайы күрделі метеорологиялық жағдайларда жауынгерлік ұшақта жүйелі жаттығу кезінде бұл міндетті сәтті орындауға болады.

«Ұшулар аясында нұсқаушы ұшқыштар қолайсыз ауа райында жиі түрде өздерінің шеберлігін арттырады және күрделі метеорологиялық жағдайларда жауынгерлік іс-қимылдарды орындауға жас ұшу құрамын оқытып-үйретеді», - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы