Әскери институтта Талғат Бигелдиновті еске алды

11 Қараша 2019, 14:21
2796
Бөлісу:
Әскери институтта Талғат Бигелдиновті еске алды
PHOTO

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының курсанттар ұлы ұшқыш, екі мәрте Кеңес одағының батыры Талғат Бигелдиновті еске алды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Еске алу іс-шарасында әскери институт бастығы авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов болашақ ұшқыштар мен инженерлерге отандастарының батырлықтары мен еліне-жеріне деген сүйіспеншілік пен жанқиярлық ерліктері туралы естеліктерді айтты.

d4445f97-0448-40e8-87b0-9647847c26d9.jpg

Бірінші рет Кеңес одағының Батыры атағы ұшқыш-аға лейтенант Бигелдиновқа 1944 жылдың қазан айында ерлігі мен жауынгерлік шеберлігі үшін берілді. Сол кезде төрт жау ұшақтарын талқандаған батыр, дәл сендердей 22 жаста болды, - деді ол төртінші курс курсанттарына.

Бір минут үнсіздіктен кейін әскери институт басшылығы мен курсанттар батырдың мүсініне гүл шоқтарын қойды. Қоладан құйылған ескерткіш ұшу институтында 10 жыл бұрын бой көтерген. Сол кезде аты аңызға айналған ұшқыш монументтің ашылуына рәсіміне қатысқан.

50f734cb-143d-4d93-85cb-c79779ddf8f8.jpg

Еске алу шарасы "Аспанға жол" атты деректі өмірбаяндық фильмнің көрсетілімімен аяқталды. 

1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысының ардагері, ержүрек ұшқыш Талғат Бигелдинов 2014 жылдың 10 қарашасында 93 жасында өмірден озды. Берлин үшін шайқасқа қатысқан батырға 1945 жылдың маусымында екінші рет Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ұлы Отан соғысы жылдарында ол барлығы 305 жауынгерлік ұшу жасады. Екі мәрте Кеңес Одағының батыры ретінде Талғат Бигелдинов екі рет "Алтын жұлды" медалімен марапатталды. Әр жылдары КСРО Жоғарғы Кеңесінің 2-ші, 3-ші және 12-ші шақырылымының депутаты болып сайланды, ҰОС мүгедектері мен жетім балаларға Халықаралық қайырымдылық қорын басқарды. Оның есімімен Қазақстанның әр түрлі қалаларында көшелер аталады. 

Сонымен қатар, Орталық Азиядағы Қарулы Күштер мен басқа да күш құрылымдары үшін авиациялық мамандар дайындайтын жалғыз жоғары әскери оқу орны – Ақтөбедегі Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты аңыз адамның есімімен аталады.

Өзгелердің жаңалығы