Өскеменде 198 отбасы пәтер кілтін алды

1 Желтоқсан 2019, 11:59
3539
Бөлісу:
Өскеменде 198 отбасы пәтер кілтін алды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында кезекте тұрғандарға жаңа пәтерлердің кілттерін салтанатты тапсыру рәсімі өтті.

198 отбасы "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" АҚ операторы болып табылатын "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының әлеуметтік маңызды бағыттарының бірі "Сатып алу құқығымен жалға берілетін пәтер" бойынша баспаналы болды.

DSC_9862.jpg

"Нұрлы жер" бағдарламасы бүкіл ел көлемінде тұрғын үй мәселелерін шешеді. Тек Қазақстан Ипотекалық Компаниясы  желісі бойынша 4 жыл ішінде 18 667 қазақстандық отбасы пәтермен қамтамасыз етілді. Олардың ішінде көп балалы аналар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектер және халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарының басқа да азаматтары бар, – деп "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ИҰ" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айсұлтан Акчурин хабарлады.

DSC_9912.jpg

Тұңғыш президент күні қарсаңында кезекте тұрғандарға әл-Фараби даңғылы, 40 үй мекен-жайында орналасқан 36 бір бөлмелі, 117 екі бөлмелі, 45 үш бөлмелі пәтер кілттері табыс етілді. Пәтерлердің жалпы ауданы 12 495,8 ш.м. құрайды. Барлық пәтерлер таза әрленген және 20 жыл өткен соң жалға алушылардың меншігіне тапсырылады.

DSC_9873.jpg

Бағдарлама шарттары бойынша жалға берілетін пәтерлерді жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған азаматтар санаты: жас отбасылар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, көп балалы отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған толық емес отбасылар, әскери қызметшілер алады. Кезекте тұрғандардың тізімін жергілікті атқарушы органдар іріктейді және төлем қабілеттілігін растау үшін «Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымына "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" АҚ-на жібереді.

DSC_9981.jpg


Өзгелердің жаңалығы