Өскемендік оқушы ҰБТ-дан 127 ұпай жинады

1 Шілде 2020, 23:19
1207
Бөлісу:
Өскемендік оқушы ҰБТ-дан 127 ұпай жинады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемендік оқушы ҰБТ-дан 127 ұпай жинады, деп хабарлайды Алтайньюс.

Мектеп түлектерінің он бір жылдық білімін сарапқа салатын ұлттық бірыңғай тестілеу жалғасуда. Оза шауып жатқан озат оқушылар да аз емес.

Өскемендік өрендер де деңгейден түскен жоқ. Соның бірі облыс орталығындағы №43 мектеп-лицейдің оқушысы. Гүлім Кәдірғожанова 140 ұпайдың 127-сіне қол жеткізді.

Айта кетейік, биылғы ҰБТ-ның негізгі көрсеткіші академиялық адалдық болды. Осының арқасында оқушылар әділ бағаға қол жеткізуде.   
Өзгелердің жаңалығы