Өскеменді су басып жатыр

18 Қазан 2019, 07:52
2229
Бөлісу:
Өскеменді су басып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы екі тәулікте тоқтаусыз жауған жаңбырдың кесірінен Өскемен қаласының көшелерін су басты, деп хабарлайды 24.kz.

Көше бойындағы суағарлар мен құбырлар толассыз құйылған суды өткізіп үлгермей жатыр. Кейбір көшелерде таңертең көлік кептелісі туындаған.

Қала әкімінің айтуынша, көктем, күз айларында қар мен жаңбыр суы көп жиналатын 5 аумақ бар. Биыл сол жерлердегі суағарларды жөндеп, арнайы сорғылар орнату үшін 40 млн теңге бөлінген.

"Тұрғындардың жанына бататын 23 жер бар. Біз жұмысты бастадық, оның 5-де аяқтадық. Осы жұмыстарға қалалық бюджеттен 40 млн теңге қарастырғанбыз. Сол қаражат есебінен қазір жұмыс істеп жатырмыз. Келесі жылы осы істі толық аяқтауымыз керек", - деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.




Өзгелердің жаңалығы