Бас жаңалықтар
Өскемендегі темір гараждар аулалардың сәнін кетіріп тұр
18 Мамыр 2020, 20:01 55

Өскемендегі темір гараждар аулалардың сәнін кетіріп тұр

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өскемендегі көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларының сәнін кетіріп тұрған темір гараждар алынады.

Бұл туралы қала көшелерін аралап, бірқатар құрылыс нысандарының құрылыс барысымен танысқан шаһар басшысы Жақсылық Омар хабарлады. Жалпы, бүгінгі таңда қала бойынша кеңестік кезеңнен қалған темір көлікжайлардың саны 986 дананы құрайтын көрінеді. Олардың көпшілігі талапқа сай орнатылмаған. Оның үстіне оларды кейбір тұрғындар көлік емес, артық-ауыс нәрселерін сақтайтын қоймаға айналдырып алған. Бұған қоса, темір гараждардың маңы қаңғыбастар мен нашақорлардың мекеніне айналған.

Аталмыш жұмыстар бірінші кезекте қаланың орталық бөлігінде жүзеге асырылады. Өйткені ол жерлерге тұрғын үйлердің басқа тұрғындарының көліктерін қоятын тұрақтар немесе балалардың ойын алаңдарын ұйымдастыруымыз мүмкін. Аулаларда қалай болса солай, заңсыз орнатқан осындай гараждардың саны жетіп артылады, - деді Жақсылық Мұқашұлы.

Осылайша, биыл осындай көлікжайлардың барлығы дерлік алынады. Бұл өз кезегінде ортақ меншікке пайдаланылатын алаңдар санын арттырып, аулалар қала тұрғындары үшін жайлы бола түспек.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...