Бас жаңалықтар
Өскемендегі тасымалдаушы компаниялар жаңа тариф енгізбек
20 Шілде 2019, 03:33 216

Өскемендегі тасымалдаушы компаниялар жаңа тариф енгізбек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемендегі тасымалдаушы компаниялар қоғамдық көліктегі тарифті 103 теңге көтергесі келеді, деп жазды altaynews.kz. 

Қала тұрғындары қоғамдық көлікте бұрынғыдай 90 теңге төлеп, ал қосымша 13 теңгені әкімдік мойнына алса. Автотасымалдаушылар осындай ұсыныс айтты. Автобуспен күніне 90 000 адам ғана жүреді дейді олар.

Ал әкімдіктің есептеуінше, 287 000 адам күніге кондуктордың сөмкешесін тиынға толтырады. Сол себепті қосымша төлем қисынға сыймайды деп санайды билік өкілдері.

Өскемен әкімдігі енді жалғыз-ақ электронды билеттендіру жүйесіне сеніп отыр. Бұл көрсеткішті аталмыш құрылғы нақты көрсетеді дейді.

"Біз ақша төлеуден ат тонымызда ала қашып отырған жоқпыз. Бірақ нақты не үшін қосымша қаражат бөлетінімізді білуіміз керек", - деп түйіндеді шаһар басшысының орынбасары Тамара Рақымжанова.


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық