Өскемендегі оталған қарағайлардың орнына фонтан орнатылады

26 Сәуір 2019, 17:11
2134
Бөлісу:
Өскемендегі оталған қарағайлардың орнына фонтан орнатылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде шабылған қарағайлардың орнына фонтан орнатады. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

Қалалық әкімдік Арбатқа айналатын Бейбітшілік көшесінде фонтан, балалардың ойнау алаңы және басқа да архитектуралық құрылыстар салынатынын айтты.

Сондай-ақ олар Нұрмағамбетов көшесіндегі ағаштарға тимейтініне уәде етті. Десе де, кеше аталмыш көше бойындағы бір ағаш шауылып кеткенін айта кетейік.

«Бұл жерде қанша ағаш шабылған болса, біз одан бес есе көп көшет отырғызамыз», - деп сендірді әкімдіктің баспасөз қызметкері.

Мәліметтеріне сенсек, биыл 12 000 көшет отырғызылуы керек екен. Осыған дейін соның 1000-ын егіп тастапты.

Өзгелердің жаңалығы