Өскемендегі көпқабатты үйлердің сырт келбеті жаңарады

19 Мамыр 2020, 10:25
1110
Бөлісу:
Өскемендегі көпқабатты үйлердің сырт келбеті жаңарады
Фото: ашық дереккөз

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Өскеменде бірқатар нысан күрделі жөндеуден өткізіліп, көшелер кеңейтіледі.

Бұл туралы қаладағы қайта жаңғырту жұмыстары қолға алынған нысандарды аралаған шаһар басшысы Жақсылық Омар хабарлады. Атап айтсақ, бірнеше жылдан бері жөндеу көрмей, тозығы жеткен "Алтай" спорт кешені мен Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапхана қайта жөнделіп, қалпына келтіріледі.

Бұдан бөлек, Потанин көшесінің бойындағы Өскемен қаласы әкімдігінің орта мектеп-интернаты да қайта жөндеуден өткізілмек.

Соңғы рет мұнда жөндеу жұмыстары жиырма сегіз жыл бұрын өткізілген. Биыл мектебіміздің келбетімен бірге рухани өмірінде де өзгеріс болды. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, мұнда қаңтар айынан бастап қазақ тілінде білім беретін бірінші сынып ашылды. Енді, келесі оқу жылына қарай, яғни 1 қыркүйектен бастап қазақ тіліндегі бастауыш сыныптарын ашуды жоспарлап отырмыз, - деді интернат директоры Анар Жетібаева.
Сонымен қатар, биылғы жылы қаланың күретамыры саналатын Назарбаев даңғылы да күрделі жөндеуден өтіп, жаяу жүргіншілер жолы кеңейеді. Жол бойындағы шағын бақтардың айналасына тақта тастар төселіп, көше спортына арналған алаңдар ашылады.

Оған қоса, көпқабатты және жеке тұрғын үйлердің сырт келбеттері қалпына келтіріледі.

Өзгелердің жаңалығы