Бас жаңалықтар
Өскемендегі Ертіс көпірі биыл пайдалануға беріледі
20 Маусым 2019, 09:09 236

Өскемендегі Ертіс көпірі биыл пайдалануға беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласындағы Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы әлі де жалғасып жатқаны белгілі. Көпірді қайта құру жұмыстары ағымдағы жылы аяқталмақ. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

Айта кетсек, қаланың екі үлкен бөлігін байланыстырып жатқан көпір 1970 жылы салынған. Нысан күрделі жөндеуден алғаш рет өткізіліп, 8 жолаққа дейін кеңейтіліп жатыр.

Жөндеу жұмыстары сонау 2014 жылы басталған еді. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі көпір өткен жылы қазан айында пайдалануға беріледі деп айтқан еді. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі көпірдің ағымдағы жылы пайдалануға берілетінін мәлімдеп отыр.


Фото: дереккөз

Сізден жаңалық