Өскеменде Пушкиннің 220 жылдығы аталып өтеді

4 Маусым 2019, 21:33
1718
Бөлісу:
Өскеменде Пушкиннің 220 жылдығы аталып өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде Александр Пушкиннің 220 жылдығы аталып өтпек. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлады.

6 маусым тойланатын шаралар тізбегі сағат 11.00-де ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталады. Артынша қонақтар үшін әр түрлі ойындар мен шеберлік-сағаттары, «Барлығы Пушкин жайлы» викториналық сұрақтары дайындалған.

Ақын шығармашылығына тағзым ететін кез-келген қала тұрғыны А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханаға келуіне болады.

Келушілер сағат 15.00-де Пушкин поэзиясының сиқырлы атмосферасын сезінуге мүмкіндік алады.

Сағат 17.00-де Заңғар сауда үйіне қарама-қарсы алаңда «Я помню чудное мгновенье…» атты ақын өлеңін бірге оқитын флешмобпен аяқталады

Өзгелердің жаңалығы