Өскеменде Оралхан Бөкейдің әдеби залы ашылды

13 Желтоқсан 2019, 11:21
3870
Бөлісу:
Өскеменде Оралхан Бөкейдің әдеби залы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада жазушының әдеби залы ашылды, деп хабарлады Altaynews.

Бұл әдеби зал жазушының әдеби мұрасын сақтауға және насихаттауға бағытталған. Залдың ашылу салтанатына қала әкімі Жақсылық Омар, Оралхан Бөкейдің туған-туысқандары және осы залды жабдытауда демеуші болған кәсіпкерлер  қатысты.

бокей1.jpeg

Шара барысында Оралхан Бөкейдің қолжазбалары, болгар, эстон, ағылшын, қырғыз, неміс, жапон, француз, тағы да басқа шетел тілдеріне аударылған кітаптары, суретшілер Б.Урманче мен Б.Исиннің туындылары қойылған BOKEI.KZ сайты таныстырылды.

Сондай-ақ, қатысушылардың назарына Ресей жазушысы, аудармашы А.Ким жолдаған бейнеқұттықтау ұсынылды.



Өзгелердің жаңалығы