Өскеменде бұрын сотты болған азаматтар еріктілер қатарына тартылмақ

20 Мамыр 2020, 12:19
1295
Бөлісу:
Өскеменде бұрын сотты болған азаматтар еріктілер қатарына тартылмақ
Фото: дереккөз

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өскеменде бұрын сотты болып, жазасын өтеп шыққандарды еріктілер қатарына тарту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Бұл бастама жайлы Шығыс Қазақстар облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің Өскемен қалалық пробация қызметі бөлімі ұйымдастырған дөңгелек үстел барысында белгілі болды. Өскемен қаласының Үлбі және Солжағалау аудандық пробация қызметтері, жастар ресурстық орталығы қызметкерлерінің, "Антарес-А" қоғамдық қоры өкілдерінің және волонтерлердің басы қосылған шара барысында жас буын өкілдерін, қылмыстық атқару жүйесіардагерлерін, азаматтарды, сонымен қатар "тең құқықты" қағидасымен бұрын сотты болып, жазасын өтеп шыққандарды еріктілер қатарына тартып, олардың қоғамға тигізер пайдасын арттыру көзделді.

Дөңгелек үстел барысында пробация қызметі есебінде тіркелген сотталған азаматтарға тұрақты құқықтық көмек көрсету жайлы айтылды. Бұл өз деңгейінде пробация қызметінің қызмет көрсету сапасын жоғарлататыны анық. Сонымен қатар, еріктілер сотты болған адамдарды қалыпты өмірге қайта бейімдеуде ерекше рөл атқаратынын барлығымыз білеміз, – деді Өскемен қаласындағы Солжағалау аудандық пробация қызметінің психолог маманы Мөлдір Қабибиева.

 

Өзгелердің жаңалығы