Өскеменде қайталама қылмыс саны екі есеге азайған

30 Наурыз 2020, 13:03
1481
Бөлісу:
Өскеменде қайталама қылмыс саны екі есеге азайған

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл облыс орталығында сотталғандар арасында қайталама қылмыс жасағандар саны екі есеге азайған.

Бұл туралы "Құқықтық тәртіп" республикалық профилактикалық шаралары аясында жедел-алдын алу іс-шарасын өткізген Солжағалау аудандық ПҚБ хабарлады.

"Құқықтық тәртіп" жедел алдын-алу іс шараларын өткізу кезінде ПҚБ қызметкерлері жергілікті учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесе есепте тұрған сотталғандарды мекен-жайы, демалатын ойын-сауық кешендері бойынша кешкі және түңгі уақыт аралығында тексеріс жүргізді.

Өткізілген іс-шаралар барысында Солжағалау аудандық ПҚБ қызметкерлерімен атқарылған жұмыстар аз емес. Мысалы бас бостандығынан шектеу жазасының тәртібін бұзған бір сотталғанға қатысты 2020 жылдың наурыз айының 13 жұлдызында Өскемен қаласының №2 сотының қаулысымен қайталама қылмысқа жол бергендігі үшін бас бостандығынан шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасымен аустырылды. Тағы бір сотталған азаматқа қатысты осы күнігі Өскемен қаласының сот қаулысы жаза өтеу кезінде ешқандай жаза өтеу тәртібін бұзбағандығының арқасында бас бостандығынан шектеу жазасының мерзімінен бұрын босатылды. Сондай-ақ сотталған үшінші азаматтың шартты сынақ мерзімі әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны үшін 1 ай мерзімге сынақ мерзімі ұзартылды. Жалпы биылғы жылы сотталғандар арасында қайталама қылмыс жасағандардың саны 2019 жылмен салыстырғанда 2 есеге азайған, - дейді Солжағалау аудандық ПҚБ инспекторы, әділет капитаны Альфия Куатбекова.

Жауапты тұлғаның айтуынша, өткізіліп жатқан іс-шараның мақсаты – адамды қоғамнан оқшалауға байланысты емес, жазаларға сотталған тұлғалар тарапынан құқық бұзушылық пен қайталама қылмысты болдырмау және олардың алдын алу және сотталғандарды оң жолға бағыттау болып табылады.

 


 

Өзгелердің жаңалығы