Бас жаңалықтар
Өскеменде "Абай" трамвайы жолға шықты
25 Қаңтар 2020, 05:20 220

Өскеменде "Абай" трамвайы жолға шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына орай шаһарда басталған шаралардың бір бөлігі ғана, деп хабарлайды "Хабар 24".

Сыртына Абай Құнанбаевтың бейнесі салынған ерекше қоғамдық көлік қала ішінде енді бір жыл бойы қатынайтын болады. Алғашқы күні акцияны ұйымдастырған Оралхан Бөкей атындағы кітапхана ұжымы жолаушыларға түрлі ақпарат парақтарын таратты. Трамвайға кірген әр адам қай жаққа қараса да, Абай Құнанбаев туралы мағлұмат алып, ой-өрісін кеңейтеді. Ойшылдың қара сөздері мен данышпандық көзқарастарын да оқи отырады.
Қала тұрғындары көбінесе осы трамваймен қатынайды, сондықтан да осының барлығын травмайдың ішінде қамтыдық. Тек қана оқушылар, мектептерде ғана емес, басқа да қарапайым тұрғындар травмай ішінде Абайдың өлеңдерін, нақыл сөздерін тыңдап жүрсе, нұр үстіне нұр, – дейді кітапханашы Мәдина Болатқызы.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...