Өскемен, Тарбағатай, Абайда жаңа мектеп қолданысқа беріледі

11 Тамыз 2020, 23:15
1882
Бөлісу:
Өскемен, Тарбағатай, Абайда жаңа мектеп қолданысқа беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да мектептер мен балабақшаларды салу ісі кең ауқымда жүргізіліп жатқанын айтты. Осы жылдың қыркүйек айында 3 жаңа мектеп қолданысқа беріледі, деп хабарлайды Алтайньюс.

Қазақ халқының ұлы ойшылы әрі ақын Абайдың 175 жылдығына орай Абай ауданының Қарауыл ауылында Назарбаев интеллектуалдық мектебінің стандарттары бойынша жабдықталған 300 орындық заманауи мектеп ашылады.

Сонымен қатар, Өскемендегі Ахмер ауылында 1000 орындық жаңа мектеп ел игілігіне беріледі.

Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында 300 орындық интернаты бар 600 орындық мектеп ашылады. Онда аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан және облыстағы қалалардан келген балалар оқитын болады. Бұл мектеп әскери бағытта тәлім-тәрбие береді. Егер нәтижесі оң болса, облыстағы басқа білім ошақтарында да осы әдіс қолданылмақ.



Өзгелердің жаңалығы