Өскемен тұрғыны танысының атынан үш рет онлайн-несие алған

13 Шілде 2019, 00:54
1597
Бөлісу:
Өскемен тұрғыны танысының атынан үш рет онлайн-несие алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен тұрғыны өзінің танысының атынан жасырын түрде үш рет онлайн-несие алған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жәбірленуші өз атына несие рәсімделгенін ұялы телефонына хабарлама келгенде ғана білген. Өзге біреудің несие алғанын түсінген ол полиция қызметкерлеріне шағым түсірді.

Жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен 25 жастағы әйел адам ұсталды. Ол жәбірленушінің танысы болып шыққан.

«Жалпы сомасы 145 мың теңгеге шыққан үш онлайн-несие сәуір айында ресімделген», - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті негізінде ҚР ҚК 190 бабының 1 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

 


Өзгелердің жаңалығы