Өскемен қалалық сотында фронт-кеңсе ашылды

29 Қаңтар 2019, 15:47
2225
Бөлісу:
Өскемен қалалық сотында фронт-кеңсе ашылды

Астана, BAQ.KZ. Бұл – ШҚО соттарында ашылып отырған осымен төртінші кеңсе. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

Атап өтерлігі фронт-кеңсе «Үлгілі сот» жобасын жүзеге асырудың аясында құрылып, қажетті заманауи инженерлік-техникалық жабдықтармен жабдықталған. Мұнда келушілерге барлық қажетті мәліметтерді ұсынатын ақпараттық орталық, құжаттарды тапсыру және қабылдауға арналған кеңсе, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы, күту залы және медиаторлардың, адвокаттардың, прокурорлардың кабинеттері бар.

«Фронт-кеңсенің жұмысы – бұл сот төрелігіне қолжетімділік пен ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған нақты қадам. Бұл жерде «Бір терезе» қағидаты бойынша азаматтарға сапалы қызмет көрсетіліп қана қоймай, тұрғындардың сотқа қолжетімділігін барынша жеңілдетеді. Мұнда азаматтар адвокаттың, медиатордың, психологтың кеңесін қажетінше тегін ала алады», - деді фронт-кеңсенің ашылуында облыстық соттың төрағасы Нұрлан Қайырбеков.

Естеріңізге салсақ, №2 Өскемен қалалық соты негізінен қылмыстық істерді қарауға мамандандырылған.

Өзгелердің жаңалығы