Сқақов: Мемлекеттік бағдарламалар бойынша 60 млрд теңгенің қолдауына ие болдық
25 Қараша 2021, 12:52 79

Сқақов: Мемлекеттік бағдарламалар бойынша 60 млрд теңгенің қолдауына ие болдық

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысының шағын және орта бизнесі карантинне кейін сенімді түрде қалпына келуде. 

Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов мәлімдеді. 

Оның сөзінше, кәсіпорындардың саны 1,5 мыңға, ал, олардың өнімдері 60 млрд теңгеге артқан. 

Жыл басынан бері «Бизнестің жол картасы», «Қарапайым заттар экономикасы» және «Еңбек» бағдарламалары бойынша жалпы сомасы 58,8 млрд теңгені құрайтын 1 524 жоба қолдауға ие болды. Сонымен бірге, біз кәсіпкерлерді қолдау бағдарламалары бойынша екінші деңгейлі банктермен әріптестік орнаттық. Өткен жылы жас кәсіпкерлерге, биыл, бизнестегі әйелдерге арналған кепілсіз несиелеу желісі іске қосылды, - деп атап өтті әкім. 

Сонымен бірге, Павлодар облысының шағын және орта бизнесі жергілікті Business Ertis бағдарламасының алты бағыты бойынша көмек алады.


Фото: дереккөз
Загрузка...