Тоқаевтың тапсырмасымен екі шенеунік қызметінен кетті

10 Шілде 2020, 21:36
3727
Бөлісу:
Тоқаевтың тапсырмасымен екі шенеунік қызметінен кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрінің келісімі бойынша Шәріп Берік Шәріпұлы "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды. 


Берік Шәріп 1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

2004 жылы Қазақ мемлекеттік медицина академиясын, 2009 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, 2013 жылы Халықаралық бизнес академиясын, 2016 жылы РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған.

Түрлі жылдары денсаулық сақтау құрылымында түрлі позицияларда жұмыс істеді. 

2009-2012 жылдары — "СК-Фармация" ЖШС Департаментінің бас заңгері, Департаментінің бас менеджері, бөлім бастығы, басқарушы директоры.

2012-2017 жылдары —  "ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының ауруханасы" РМК бас дәрігерінің орынбасары және стратегиялық даму жөніндегі директордың орынбасары.

2017-2018 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы, орынбасары.

2018 жылғы мамырдан 2020 жылғы сәуір аралығында – "СК Фармация" ЖШС басқарма төрағасының орынбасары – басқарма төрағасының міндетін атқарушы.

2020 жылғы сәуір айында "СК Фармация" ЖШС басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 шілдедегі бұйрығымен берілген өтініш негізінде "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ басқарма төрағасы А.Н. Жұмағұлов қызметінен босатылды.

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы "СҚ-Фармация" басшысының жұмысын сынға алып, дәріні дұрыс жеткізе алмаған Берік Шәріпті қызметінен кетіру қажеттігін айтқан болатын.
Өзгелердің жаңалығы