«СҚ-Фармацияға» пандемия кезінде қоғам тарапынан сенім болған жоқ – Шибутов

13 Қазан 2020, 18:27
1447
Бөлісу:
«СҚ-Фармацияға» пандемия кезінде қоғам тарапынан сенім болған жоқ – Шибутов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Марат Шибутовтың айтуынша, пандемия кезінде бірыңғай дистрибьютер «СҚ-Фармацияға» қоғам сенім болғанын айтады.

Коронавирусқа ешкім дайын болған жоқ. Тіпті, Вьетнам, Солтүстік Корея, Оңтүстік Корея және басқа да елдер солай болды. Бірақ олардың экономикалық жағдайы бізден жақсы еді. Ал Қазақстанда негізінен проблема басқаша болды. Бізде дағдарыс кезінде кейбір құрылымдардың қайда екенін таппай қалдық. Оларды көрмедік. Ал жағдай реттеле бастағанда баспасөз хабарламасын таратып шыға келді, - деді Марат Шибутов 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Facebook-тегі парақшасында онлайн-брифингінде.

Оның айтуынша, адамдар нағыз қажет еткен тұста тиісті органдар мен мамандар тығылып қалғандай әсерде болған. 

Біз бұдан былай бұған жол бермеуіміз керек. Алдағы уақытта барлық қателіктерді ескеруіміз керек. Мысалы, сіз (сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство) неге гуманитарлық көмекті ұрлап кете ме деп, андып жүрулеріңіз қажет? Өйткені «СҚ-Фармация» дұрыс жұмыс істеген. Сондықтан қоғам тарапынан сенім болған жоқ. Бұл компанияға қатысты қылмыстық істі тергеу кезінде тағы детальдар анықталады, - дейді сарапшы. 

Айта кетейік, 14 тамызда "СҚ-Фармация" ЖШС басқармасының бұрынғы төрағасы Берік Шәріп ұсталған болатын. Ол 2020 жылы 21 сәуірде тегін медициналық көмектің көлемін қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу бойынша дистрибьюторлық компанияның басшысы қызметіне тағайындалған. Оған дейін ол «СҚ-Фармацияның» басқарма төрағасы қызметін атқарған

Өзгелердің жаңалығы