«Сіздерге қарап мемлекетке баға береді». Көлгінов полиция қызметкерлері туралы

21 Маусым 2019, 13:57
1329
Бөлісу:
«Сіздерге қарап мемлекетке баға береді». Көлгінов полиция қызметкерлері туралы
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордалық полиция қызметкерлерін келе жатқан полиция күнімен құттықтады. 

«Сіздерге қарап мемлекетке баға береді». Көлгінов полиция қызметкерлері туралы

«Өзіңнен баста деген, жұмыста да, қоғамда да өзімізден бастауымыз керек. Ал қоғамдық тәртіпті сақтайтын – сіздер. Әрине, сын көп, сынау оңай, бірақ оның жұмысын атқару оңай емес. Егер біздің азаматтар тұрғындар демалыста демалып жүрген болса немесе мерекеде тойлап жүрген болса полиция қызметкерлері екі есе күшейтілген жұмыс атқаруда. Олай болмаса мереке де, демалыста болмайды. Сондықтан сіздің жұмысыңызды қоғам, біз бағалаймыз. Полиция қызметкерлері қашан да алдыңғы шепте тұрады. Ең басты мақсат – халықтың тыныш ұйқысы, таңертең тұрған кезде алаңдамай балаларын балабақша немесе мектепке жіберсе, егер сол мүддесіне нұқсан келтіретін босла заң бар, полиция бар», - деп айтты Көлгінов. 

«Сіздерге қарап мемлекетке баға береді». Көлгінов полиция қызметкерлері туралы
«Сіздерге қарап мемлекетке баға береді». Көлгінов полиция қызметкерлері туралы

Ол полицияның халықтың қолдаушысы, қорғаушысы екенін және олардың жұмыстарын бағалайтынын жеткізді. 

«Алдағы уақытта полиция қызметкерлерін біз толық қолдаймыз. Себебі сіздердің жұмыстарыңыз оңай емес. Әрқайсысыңыздың отбасыңыз бар, қазірдің өзінде балаларыңызбен келіп отырсыздар, қарап отырмын. Сіздер үлгі көрсетесіздер. Бірақ тәртіп өзімізде болуы керек. Себебі ішкі тәртіп болса, сенім болады. Ал халық сенімі біз үшін өте маңызды. Ең бастысы сіздерге қарап мемлекетке баға береді. Бізге қарап мемлекетке баға береді. Соны бірге атқаруымыз керек», - деді қала басшысы.
«Сіздерге қарап мемлекетке баға береді». Көлгінов полиция қызметкерлері туралы

Еске сала кетсек, бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордаолық полиция қызметкерлерін мерекемен құттықтаған болатын.




Өзгелердің жаңалығы