Қорғаста қаз-үйрек, Сарыағашта сиыр. Шекара бұзушылар азаймай тұр

14 Қаңтар 2020, 22:40
2615
Бөлісу:
Қорғаста қаз-үйрек, Сарыағашта сиыр. Шекара бұзушылар азаймай тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғас шекаралық бақылау жасағының "ШЫХО" шекаралық бақылау-өткізу пунктінің шекара наряды мемлекеттік шекарадан ірі қара малды, үйрек етін және темекі өнімдерін заңсыз өткізбек болғандардың жолын кесті.

Шекарашылар 1973 жылы және 1997 туған ҚР азаматтарын ұстады. Олардың бірі 12 қорапқа салынған, жалпы салмағы 264 кг үйрек етін, ал екіншісі қытайда жасалған "Милана" маркалы 300 блок темекені шекарадан заңсыз алып өтпек болған. Ұсталған азаматтар тауарларымен бірге кедендік бекет қызметкерлеріне тапсырылды, - делінген ҰҚК таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар, Сарыағаш шекара жасағының "Қапланбек" шекаралық бақылау өткізу пунктінен бір түнде екі рет заңсыз жолмен тірідей 91 бас сиыр алып өтпек болған 1986 жылы туған ҚР азаматы ұсталды.

Ол бірінші рет 2020 жылғы 14 қаңтар күні 00.43 сағатта жүк көлігіне тиелген 60 бас ірі қара малын алып өтпек болады. Құжатында 29 бас көрсетілгендіктен шекарашылар жолын кескен. Екінші рет 2020 жылғы 14 қаңтар күні 01.14 сағатта жүк көлігіне тиелген 31 бас ірі қара малын алып қайтадан өтпек болып шекарашыларға ұсталды, - делінген мекеме хабарламасында.

Екінші рет ұсталғанда азаматтың құжатында 26 бас ірі қара деп көрсетілген. Қылмыскер Сарыағаш аудандық ветеринарлық қызмет мамандарына тапсырылды.
Өзгелердің жаңалығы