Сириядан бір жылда 800 мың адам кеткен

15 Ақпан 2020, 01:19
1274
Бөлісу:
Сириядан бір жылда 800 мың адам кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сириялықтар Идлиб провинциясынан жаппай кетіп жатыр. Бұл аймақ – Сирия оппозициясының соңғы қорғаны.

Президент Башар Асадтың әскері келген соң 2020 жылдың басынан бері 800 мыңнан астам адам Идлиб провинциясынан үйлерін тастап кетті. Бұл туралы БҰҰ хабарлады.
Ресей қолдау көрсететін сириялық режим елдің солтүстік-батысында орналасқан ірі оппозициялық орталыққа шабуылды бастады. Содан кейін желтоқсаннан бері 800 мыңнан аса адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды, - деп жазылған БҰҰ хабарламасында.
2019 жылдың 1 желтоқсанынан 2020 жылдың 12 ақпанына дейінгі аралықта Сирияның солтүстік-батысында босқын болып кеткен 800 мыңнан астам адамның шамамен 60% – балалар.
Өзгелердің жаңалығы