Сирияға бір тәулікте 700-ден астам босқын қайтып келді

10 Қаңтар 2019, 17:14
1896
Бөлісу:
Сирияға бір тәулікте 700-ден астам босқын қайтып келді

Астана, baq.kz. Өткен тәулікте өзге елде жүрген 700-ден астам сириялық босқындар Сирияға оралды. Бұл туралы босқындарды қабылдау, орналастыру орталығының ақпаратына сүйене отырып Риа Новости жазады.

«Өткен тәулікте Сирия Араб Республикасына өзге елдің территорияларынан 701, оның ішінде Ливаннан «Джейдет-Ябус», «Телль-Калах» қабылдау пункті арқылы - 89 адам (27 әйел, 45 бала), Иорданиядан «Насиб» қабылдау пункті арқылы- 612 адам (184 әйел, 312 бала) босқын келді», - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, ел ішіндегі тұрғылықты мекенжайларына 214 сириялық қайтып келді.

Босқындарды қабылдау орталығының ақпаратына сүйенсек, Сирия қарулы күштерінің инженерлік бөлімшелері тәулік ішінде 12,9 га аумақта минаны және 32 жарылу қаупі бар затты жойды.

Сонымен қатар, тәулік ішінде Эль-Кунейтр провинциясында және Дамаск, Хама және Хомс провинцияларындағы жеті тұрғын үйдің электрстанциялары қалпына келтірілді. Дария провинциясында төрт нан наубайханасы жөндеуден кейін жұмысын бастады.

«Медицина қызметтерінің сапасын және қолжетімділігін арттыру аясында Алеппода қызыл жарты айдың сириялық қоғамы «Аль-Фуркан» жаңа медициналық орталығын ашты. Оның құрамында терапия, педиатрия, гинекология, урология, хирургия, ортопедия, жедел жәрдем, сонымен қатар дәріхана мен бірқатар лаборатория бар», - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, өткен тәулікте Қадыров атындағы қор Алеппода қайырымдылық акциясын өткізгені туралы хабарланған. Қор сириялық азаматтарға бір тонна нан таратып берген.

Өзгелердің жаңалығы