Бас жаңалықтар
Синоптиктер ыстық ауа райына байланысты ескерту жариялады
30 Мамыр 2020, 16:20 262

Синоптиктер ыстық ауа райына байланысты ескерту жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады. 

Атап айтқанда, күндіз 31 мамырда Түркістан облысында шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетуі ықтимал. 40 градусқа дейінгі қатты ыстық күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Солтүстік батыстан жел соғып, күндіз оның екпіні 15-20 м/с артады.

31 мамырда күндіз Ақмола облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел тұрып, жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с артуы мүмкін.

Нұр-Сұлтан қаласында күндіз оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-18 м/с жетуі ықтимал.

31 мамыр - 2 маусым аралығында Қостанай облысының жекелеген жерлерінде күн 35-38 градусқа дейін ысиды. 

Қызылорда облысында 41 градус қатты ыстық болады. Солтүстік- шығыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с.

31 мамыр - 2 маусым аралығында Қарағанды облысының кей жерлерінде 35-39 градус қатты ыстық күтіледі.

Еске салайық, синоптиктер 30 мамыр күні де бірқатар өңірде ескерту жариялаған болатын.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...