Синоптиктер тағы бірқатар аймақта дабылды ескерту жариялады

18 Шілде 2019, 16:29
2709
Бөлісу:
Синоптиктер тағы бірқатар аймақта дабылды ескерту жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Қостанай мен Қызылорда облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты дабылды ескерту жариялады.

"Күндіз 19 шілдеде Қостанай облысында кей жерлерінде 37 градус қатты ыстық күтіледі", - делінген хабарламада.       

Сондай-ақ, 19 шілде таңертең және күндіз Қызылорда облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.  

Қос аймақта да дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.

Бұған дейін синоптиктер Алматы облысында күн 43°С дейін ыситынына байланысты дабылды ескерту жариялаған болатын.







Өзгелердің жаңалығы