Синоптиктер қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын мәлімдеді

19 Қараша 2020, 07:00
865
Бөлісу:
Синоптиктер қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын мәлімдеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» мамандары 19 қараша күні Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болатынын жариялады.

Кәсіпорынның мәліметінше, бейсенбі күні еліміздің бір қаласында - Ақтөбеде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін. Өзге шаһарларда метеоахуал - бірқалыпты. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы