Синоптиктер еліміздегі қалалардың ауа сапасы туралы айтты

16 Мамыр 2020, 08:46
1460
Бөлісу:
Синоптиктер еліміздегі қалалардың ауа сапасы туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК Қазақстан қалаларындағы 16 мамыр күнгі ауа сапасы туралы болжамын жариялады.

Ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы Балқаш қаласында күтіледі. Өзге шаһарларда метеорологиялық ахуал қалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ-да елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Өзгелердің жаңалығы