Синоптиктер бірқатар аймақта дабылды ескерту жариялады

28 Қаңтар 2020, 16:19
1618
Бөлісу:
Синоптиктер бірқатар аймақта дабылды ескерту жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері бірқатар облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты дабылды ескерту жариялады.

29 қаңтарда түнде және таңертең Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ сақталады.

Түнде 29 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қалың қар түседі. Кей жерлерде бұрқасын болып, тұман басады. Батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с жетеді.

Ертең Түркістан облысының кей жерлерінде тұман сақталады.

29 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Нұр-Сұлтан қаласында түнде 29 қаңтарда қар, жаяу бұрқасын болып, солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-18 м/с сақталады.



Өзгелердің жаңалығы