Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жариялады

20 Қараша 2020, 00:42
1341
Бөлісу:
Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты республикамыздың бірнеше өңірінде ескерту жариялады.

Атап айтқанда, 20 қараша күні Ақмола облысының кей жерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз оның күші 15-20 м/с артады.

20-22 қарашада Жамбыл облысының кей жерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

20-21 қарашада Қарағанды облысының кей жерінде тұман болады.

20 қарашада Түркістан облысының кей жерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болу мүмкін. Шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күшейеді.

20-21 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман болады. 20 қарашада күндіз, 21 қарашада тәулік бойы оңтүстік-батыстан жел соғады. Кей жерде күші 15-20 м/с артады.

Өзгелердің жаңалығы