Синоптиктер астананың қысқы ауа райына болжам жасады
24 Қараша 2021, 15:53 332

Синоптиктер астананың қысқы ауа райына болжам жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада қыста ауа температурасы климаттық норма шегінде болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Азаматтық қорғау басқарма бастығы Ратбек Демеуберген брифинг барысында айтты. 

Мамандар алдағы күндерде 25 сантиметрге дейін қар жауады деп болжайды. 

«Қазгидрометтің» болжамдық мәліметтеріне сәйкес, елорда аумағында қыс климаттық норма шегінде, күндіз-12-15, кей жерлерде-22, түнде-15-22, кей ерлерде-32-ге дейін аяз, қар жамылғысы 25 см-ге дейін қар түрінде жауын-шашын күтіледі, – деді ол. 
Алдағы қысқы кезеңге дайындық мақсатында Төтенше жағдайлар комиссиясының 2 отырысы өтті, онда қала қызметтерінің қысқы кезеңді өтуге дайындығы мәселелері қаралып, нәтижесінде уәкілетті органдарға және қала ұйымдарына тиісті тапсырмалар берілді.

Брифингте Ратбек Демеуберген Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қанша техника жұмысқа дайын екенін айтты. Оның айтуынша, қаладағы қар басатын учаскелер картасы даярланып, қар полигондары тісті құралдармен жабдықталған.  

Бүгінгі күні қысқы кезеңдегі ТЖ-ға жедел ден қою үшін күштер мен құралдар тобы құрылды. Құрамында ТЖМ, ТЖД, ПД, Ұлттық ұлан, Қазавиақұтқару, Қазавтожол, АМО, ЖАО, жол қызметтерінің  жеке құрамның 704 адамы, 462 бірлік техникасы бар. Қажетті күштер мен құралдарды бекіте отырып, қаланың қар басатын 16 учаскесі бар ахуалдық карта әзірленді. 7 қар полигоны жабдықталған. Қала автожолдарының қар басатын учаскелерінде ұзындығы 2,5 км, 1250 дана қар ұстайтын қалқандар орнатылды, – деп атап өтті басқарма басшысы.  

Елордада қысқы кезеңдегі ТЖ жағдайында зардап шеккендер үшін 1800 төсек-орынға 13 уақытша орналастыру пункті бар. Қаланың коммуналдық қызметтері 154 тонна мұзға қарсы реагент, 3,5 мың куб м астам құм және 3 мың тоннадан астам тұз қоспасын дайындады. Сондай-ақ 10 тонна көлемінде жанар-жағармай материалдарының қоры құрылды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...