Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды

22 Қараша 2019, 05:30
1656
Бөлісу:
Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 22-24 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

22 қарашада күн жауын-шашынсыз болады. Батыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде сынап бағанасы -23-25°С, күндіз -15-17°С.

23 қарашада ауыспалы бұлт шығады, күндіз қар жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 7-12 м/с құрайды. Түнде ауа температурасы -19-21°С, күндіз -12-14°С.

24 қарашада да ауыспалы бұлт шығады деп болжанған. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с құрайды. Түнде сынап бағанасы -16-18°С, күндіз -10-12°С шамасында болады деп болжанған.

 

 

Өзгелердің жаңалығы