Синоптиктер қалалардағы ауа сапасы туралы айтты

30 Шілде 2020, 08:50
1262
Бөлісу:
Синоптиктер қалалардағы ауа сапасы туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 30 шілдеде Қазақстан қалаларында қалыптасатын метеорологиялық ахуал туралы ақпаратты жариялады.

30 шілдеде Шымкент, Балқаш және Актөбе қалаларда ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі. Қазақстанның өзге шаһарларында метеожағдай қалыпты шекте болады, - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Өзгелердің жаңалығы