Синоптиктер 21 қаңтарда ауа райы қандай болатынын айтты

21 Қаңтар 2020, 07:50
1787
Бөлісу:
Синоптиктер 21 қаңтарда ауа райы қандай болатынын айтты

Нұр-Сұтан, BAQ.KZ. Қазақстан территориясының басым бөлігі ошағы Архангел ауданында орналасқан циклонның әсерінде болады. Салдарынан елімізде қар жауады, батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста жауын-шашын күтіледі.

"Қазгидромет"РМК-дан хабарлағандай, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде бұрқасын көтеріледі, жел қарқыны - 15-20 м/с. Түнде және таңертең кей жерде тұман түседі.

Павлодар облысына тұман түседі, жел жылдамдығы 18 м/с жетеді.
  
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман түседі, боран соғады.

Қостанай облысының кей жеріне тұман түсіп, көктайғақ және бұрқасын болады.

Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды ​​облыстарының кей жерінде көктайғақ пен тұман күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы