Синоптиктер 2 облыста дауылды ескерту жариялады

13 Қазан 2019, 15:23
1419
Бөлісу:
Синоптиктер 2 облыста дауылды ескерту жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері  ауа райының бұзылуына байланысты екі облыста дауылды ескерту жасады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде кей жерлерде 5-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні  25 м/с жетеді деп болжануда.

14 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, оңтүстіктен соғатын жел батысқа ауысады, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қостанай қаласында күндіз оңтүстіктен соғатын жел батысқа ауысады, желдің екпіні 15-20 м/с жетпек.

Өзгелердің жаңалығы