Бас жаңалықтар
Сингапурлық компания елімізде үздіксіз білім беру жүйесін дамытпақшы
14 Тамыз 2019, 23:50 272

Сингапурлық компания елімізде үздіксіз білім беру жүйесін дамытпақшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов «KinderWorld International Group» компаниясының төрағасы және бас атқарушы директоры Рики Тан Тек Ионгті қабылдады. Кездесуде білім беру саласындағы инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысы талқыланды.

Сыртқы саясат ведомствосынан хабарлағандай, сингапурлық компания Қазақстан аумағында халықаралық деңгейдегі түрлі білім беру мекемелерін салуды жоспарлап отыр. 

Компания өкілдері «KinderWorld Kazakhstan» сингапурлық үздіксіз білім беру моделінің білім беру орталығын құру: балабақша – мектеп – колледж – университет» жобасын таныстырды. Инвестор Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында пилоттық жобаның үш кезеңін іске асыруды көздеп отыр.  

Айта кетейік, «KinderWorld International Group» - халықаралық білім беру тобы. 1986 жылы құрылған. Компанияның негізгі қызметі - үздіксіз білім беру жүйесін дамыту. 2000 жылдан бастап компания Вьетнам, Таиланд және Малайзияда мектептердің құрылысына инвестиция салды және қазіргі уақытта 21 білім беру орталығын басқарады.

Фото: дереккөз
Загрузка...