Сингапурде қоғамдық тәртіпті роботтар қадағалайды

6 Қыркүйек 2021, 18:35
1269
Бөлісу:
Сингапурде қоғамдық тәртіпті роботтар қадағалайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Датчик және камерамен жабдықталған аппараттар орталық аудандарда заңсыз сауда жасайтын саудагерлерді және рұқсат етілмеген жолмен жүрген жүргізушілерді іздеп табады, деп жазды Хабар24.

Сондай-ақ санитарлық талаптардың да бұзылмауын қадағалайды. Мәселен, бір орында көп адам болып жиылғандарды да іздеп табады. Робот ереже бұзғандардың жанына келіп, динамик арқылы оларға ескерту жасайды. 

Ал бекітілген камера арқылы түсірілген видео бірден бақылау орталығында отырған операторға келіп түседі. Негізі билік бұл әзірге эксперимент ретінде қолға алынған бастама екенін айтады. Шара 3 аптаға жалғасуы тиіс.


Өзгелердің жаңалығы