Сингапур жағалауларынан қазына толы екі кеме табылды

21 Маусым 2021, 10:49
1552
Бөлісу:
Сингапур жағалауларынан қазына толы екі кеме табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Су астынан табылған кемелерде құнды жәдігердер мен XIV ғасырға тиесілі сәнді Қытай фарфоры сақталған, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Сондай-ақ археологтар 4 зәкір мен 9 зеңбіректі де судан алып шықты. Табылған жәдігерлер сирек кездеседі, ал бір олжа ерекше деп танылған. Фарфор ыдыстарына гүл бейнесінде суреттер салынған және олар Юань әулетінің билік кезеңіне, яғни XIII–XIV ғасырларға тиесілі болуы мүмкін. Сарапшылардың пікірінше, екінші кеме 1796 жылы Қытайдан Үндістанға бара жатқанда батып кеткен. 

Бұл кемеде археологтар Қытай керамикасының коллекциясын, сондай-ақ мыс қорытпасы мен шыны құмды агаттан жасалған түрлі заттарды тапты.



Өзгелердің жаңалығы