СИМ жанармайға қатысты заң бұзушылықтарды бақылауға алады
27 Қазан 2021, 22:24 8994

СИМ жанармайға қатысты заң бұзушылықтарды бақылауға алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті қазақстандықтардың еліміздің ішкі нарығында бөлшек сауда пункттерінде сатылатын дизель отынының сапасына профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізетінін хабарлайды.

Басты мақсат БАҚ-тағы жаппай шағымдар мен көрсетілген бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу.  

Осы фактіні тексеру мақсатында Нұр-сұлтан қаласы бойынша ТРМКД бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай-ақ, Нұр-сұлтан қаласының аумағында ЖМҚС-да Мотор отынымен бөлшек сауда бойынша қызметті жүзеге асыратын 53 субъектіге қатысты тексеру жүргізеді.

Бұдан басқа, Қазақстан өңірлерінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің департаменттері бармай-ақ профилактикалық бақылау жүргізеді.

Бұл ретте, дизель отыны Кеден одағының КО ТР 013/2011 "Автомобиль және авиация бензиніне, дизель және кеме отынына, реактивті қозғалтқыштарға арналған отынға және мазутқа қойылатын талаптар туралы"техникалық регламенті талаптарының сәйкестігін растауға және бағалауға жатады.

Қазіргі уақытта мәліметтерді, оның ішінде БАҚ-та тараған бейнероликті зерделеу қорытындылары бойынша жоғарыда аталған барлық бақылау субъектілеріне қатысты анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар жолданды.

Естеріңізге сала кетейік, 41-бапқа сәйкес "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (Заң) субъектілеріне бақылау және қадағалау субъектісіне бармай-ақ профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығы беріледі, бұл әкімшілік жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, Заңның 35-бабының 1-тармағына сәйкес өзіне қатысты техникалық регламенттер қолданысқа енгізілген өнім нарығындағы айналыстың қажетті шарты оның белгіленген тәртіппен расталған техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігі болып табылады.

Заң шеңберінде техникалық регламенттер қолданысқа енгізілген, сәйкестікті бағалаудан өтпеген, сондай-ақ сәйкестікті бағалау туралы құжаттар болмаған кезде немесе Техникалық реттеу тізілімінде немесе Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау туралы берілген немесе қабылданған құжаттардың бірыңғай тізілімдерінде осындай құжаттардың болуы туралы мәліметтер болмаған кезде өнімді айналымға шығаруға тыйым салынады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...