СІМ "Рияд келісіміне" қатысты мәлімдеме жасады

8 Қараша 2019, 10:25
1544
Бөлісу:
СІМ "Рияд келісіміне" қатысты мәлімдеме жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Рияд келісіміне қол қойылуына байланысты мәлімдеме жасады. 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Йемен Үкіметі мен Оңтүстік Өтпелі Кеңестің арасындағы "Рияд келісіміне" қол қойылуын құптайды және бұл уағдаластықтарға қол жеткізудегі Сауд Арабиясы Корольдігінің маңызды рөлін жоғары бағалайды. Қазақстан бұл құжат өңірдегі ахуалды тұрақтандыруда және Йемендегі дағдарысты бейбіт саяси жолмен шешуде маңызды қадам болады деп үміт білдіреді, - делінген хабарламада. 

Өзгелердің жаңалығы